Погода в Семее
+7°С
в Семее Пасмурно
давление: 733 мм.рт.ст.
USD442.05
EUR474.14
RUB4.74
CNY61.07
Авторизуйтесь через социальную сеть:

GoogleMailruOdnoklassnikiVkontakteYandex
Сегодня 1 мая 2024 года, среда

Новости Семея

Alina Group өкілдері Аягөздегі зауыт жұмысын тоқтату әрекеттеріне қатысты компанияның ұстанымын білдіртті

20.06.2023 еліміздегі үлкен өндірістік холдинг өкілдері бейнеконференция барысында Аягөз қаласындағы өндіріс төңірегінде қалыптасқан жағдайға қатысты Компанияның ұстанымын білдіртті.

Alina Group өкілдері Аягөздегі зауыт жұмысын тоқтату әрекеттеріне қатысты компанияның ұстанымын білдіртті

2023 жылғы жағдай бойынша Alina Group өнеркәсіптік арсеналында экологиялық заңнама және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына толық сәйкес келетін 14 өндірістік алаңы бар. Сауда-өнеркәсіптік топтың барлық өндірістерінде 5 деңгейлі сапаны бақылау және өндірістің барлық мемлекеттік нормаларға  сәйкестік стандарттары енгізілген.

Аягөз қаласындағы Alina Group зауыты бүгін бүкіл Шығыс Қазақстанды кәсіби құрылыс-әрлеу материалдарымен қамтамасыз етіп отырған үлкен кәсіпорын болып табылады. Аягөз қаласындағы зауыт алғашқылардың бірі болып 2005 жылы, дәлірек айтқанда, қайта қалпына келтірілген және Қала әкімінің өкімімен тағайындалған мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерімен келісілген, салынған нысанды пайдалануға қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде пайдалануға берілген күннен бастап пайда болды. Осылайша, зауыт іске қосылған кезде барлық талаптар, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалған болатын және бүгінгі күні сақталуда.

2005 жылдан бастап зауыттың айналасында қалалық инфрақұрылым нысандары мен ЖТҮҚ нысандары пайда бола бастады. Мысалы, мемлекеттік органдардың қателігінен 2016 жылы зауытқа жақын ара-қашықтықта №7 бөбекжай-бақша салынды.

2023 жылы Аягөзде Alina Group қызметін тоқтату ниетімен жергілікті қызметтер тарапынан зауытқа қатысты бірқатар тексерулер жүргізілді.

Тексерулер аясында Мемлекеттік мекеме өкілдері тиісті зертханалық зерттеулер мен атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларына өлшеулер жүргізді, нәтижесінде зауыт тарапынан қандай да бір заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сонымен қатар, зауыт тоқсан сайын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес ұқсас зертханалық зерттеулерді және зиянды заттардың шоғырлануының шекті рұқсат етілген көрсеткіштерінен асуын өлшеулерді жүргізеді, оның нәтижелері де шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден аспайды.

Қазір Аягөздегі Alina Group – қала құрушы кәсіпорын. Мұнда 150 астам жергілікті тұрғын жұмыс істейді, олар Аягөздегі өз отбасыларының асыраушысы, ертең жұмыссыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақта біздің өндіріспен 500 астам серіктес жұмыс істейді, бұл қазірдің өзінде біздің кәсіпорынның қызметіне тәуелді айтарлық көп адамдар саны.

Сондай-ақ, зауыт жұмысы кезінде 307 млн теңгеден астам салық төленген, аймақтың мемлекеттік қазынасына салық толықтыруға қосқан үлесі зор екенін атап өткен жөн. Жалақыға келетін болсақ, оның төленген сомасы 2 млрд теңгеге жуық.

«Alina Group» өзінің 33 жылғы жұмыс жолында аймақтардағы халықтың өмір сүру сапасына үлкен назар аударады және әлеуметтік бағытты ұстанады.

Бүкіл холдингтің қызметіне 50 астам экологиялық шешімдер енгізілген. Компания мұқтаж қазақстандықтар мен ұйымдарға тұрақты түрде материалдық және қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдайды.

«Alina Group» ЖШС баспасөз қызметі жазбаша сұрау салу бойынша қосымша деректерді беруге дайын және барлық мүдделі тараптарды объективтілік пен нақтылық қағидасын сақтауға, шынайы емес фактілерге немесе бұрмаланған деректерге сүйене отырып, Компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты таратпауға шақырады.

Материалды Alina Group баспасөз қызметі дайындаған

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Женщина, как и машина, должна быть только у одного владельца... Иначе - это общественный транспорт.

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Семей Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика